Татарстанды Қазақстанның ішкі мемлекеттік міндеттерді шешу тәжірибесі қызықтырады - Р.Минниханов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мемлекеттер арасындағы тығыз байланыстардың үлгісі болуы тиіс.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазан қаласында Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжинмен кездесуі барысында Татарстан президенті Рустам Минниханов мәлім етті.

Татарстан президентімен кездесуі барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері мен болашақтағы даму әлеуеті талқыланды.

М.Тәжин кездесу барысында, «Қазақстан мен Ресей елдерін жоғары деңгейлі стратегиялық әріптестік байланыстыратындығын» атап өтті. Өткен жылғы деректер бойынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 24 млрд. доллардан асып жығылды. Ал Татарстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл сайын 1 млрд. доллар көлемінде тіркеледі. Қазіргі уақытта 30-дан астам бірлескен кәсіпорын бар.

«Мен Қазақстан басшылығына, Татарстанды ерекше сыйлайтын Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шын алғысымды білдіремін», - деді Р. Минниханов. - Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мемлекеттер арасындағы тығыз байланыстардың үлгісі болуы тиіс».

«Бізге әріптестікті одан әрі тереңдете түсуіміз керек деп ойлаймын, бізде оған еш кедергі жоқ. Белгілі бір міндеттерді атқару барысында біз Қазақстанның тәжірибесін жиі қолданамыз», - дейді Татарстан президенті.

Кездесу барысында ҚР Елшісі Татарстан президенті Р.Миннихановқа II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар