13:55, 26 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Татарстанның Премьер-Министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен келді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысына біркүндік жұмыс сапарымен Татарстан Республикасының Премьер-Министрі Рустам Миниханов келді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Татарстанның Премьер-Министрі сапар барысында «Қорғас» Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының жұмысымен танысады. Сондай-ақ, премьердің Астанада Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесуі жоспарлануда.
Татарстанның премьері «Қорғас» орталығының қазақстандық және қытайлық бөлігінде болып, орталықтың даму перспективаларымен, құрылысқа Татарстан кәсіпкерлерінің инвестиция салу мүмкіндіктерімен танысады.