Тау-кен өндірісі мен металлургия өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығы қазір ерекше өсті - Николай Радостовец

АЛМАТЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сақтандыру компанияларының назарын тау-кен өндірісі мен металлургия өнеркәсібіне аударғым келеді.
None
None

Бұл жайында Тау-кен өндірісі мен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының Атқарушы директоры Николай Радостовец бүгін Алматыда өткен 7-ші Тәуекел-менеджменті халықаралық конференциясында айтты.

«Бұл салаға таяудағы 5 жылда «ENRS» - 5 миллиард доллар, «Қазцинк» - 3,2 миллиард доллар, «АрселорМиталл» - 4,5 миллиард, ал «Қазақмыс» - 4 миллиардқа жуық доллар салмақ. Бұл айтарлықтай үлкен инвестиция. Қазір осыған орай аталмыш сектордың инвестициялық тартымдылығы ерекше өсті», - дейді Николай Радостовец. Оның айтуынша, жаңа салық кодексі қабылданғаннан кейін еліміздегі салық базасы да өте қолайлы болып тұр. Ресей мен өзге де алыс-жақын шет елдерден біршама төмен. Дағдарыс кезінде жергілікті деңгейде бірқатар меморандумдарға қол қойылып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Қазір тау-кен өндірісі, металлургия өнерксәбіндегі ахуал қаржы секторы үшін де қызықты болып отыр. Дегенмен, ішкі нарық сақтандырушылар үшін әлі жеткілікті деңгейде дамымаған. Көптеген компаниялардың сақтандыруда тәжірибесі жоқ.

Соңғы жаңалықтар