Тауар өндірушілердің өнім сапасы қоғамның көңілінен шықса, ең жоғары марапат сол - Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ. Мұхамбетов.

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Соңғы жылдары бизнесті қолдауға қатысты жан-жақты шараларды қамти отырып, мемлекет отандық тауар өндірушілерден өз өнімдерінің, олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру қажеттігін көтеріп, орынды талапты алға тарта бастады. Кез келген мәселеде бәскелестік бірінші орынға шығып отырған қазіргі заманда
None
None

бұндай талаптың болуы заңды да. Басқасын айтпағанның өзінде, ең алдымен қазақстандықтар жоғары сапалы, таза әрі пайдалы өнімді тұтынуға құқылы әрі солай болуы да шарт. Ал халық денсаулығы мемлекетіміздің стратегиялық сипаттағы маңызды мәселелерінің бірі. Тіпті, бұның ар жағында мемлекет үшін аса маңызды азық түліктік, экономикалық қауіпсіздік секілді басқа да дүниелер қамтылады. Экономикаға келетін болсақ, сапалы тауарлар мен қызметтер ұсына білудің өзі импорттық бағытқа жол ашып қана қоймайды, бұның сыртқы нарықтағы ұстанымды күшейте түсетіні айқын. Бұл ретте мемлекет әкімшілік кедергілерді жою, салықтық жеңілдіктер ұсыну, бизнесті жосықсыз тексерулерден тыю секілді шараларды жүзеге асырып келеді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан өнім сапасын арттыру үшін ынталандыру тетіктерінің тиімділігі де жыл сайын жақсы көрініс табуда. Дәл осы мақсатта елімізде осымен бесінші мәрте ҚР Президентінің сапа саласындағы жетістігі үшін берілетін «Алтын сапа» сыйлығы, ал 2001 жылдан бері қарай «Қазақстанның үздік тауарлары» атты конкурстар өткізіліп келеді. Осыған орай, өнім сапасын арттыруға қатысты мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шараның тиімділігі, Қазақстанның Кеден одағы мен ДСҰ-ға кіруі кезеңінде сапа иегерлеріне қойылатын талаптарға қатысты күтілетін өзгерістер туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетовпен сұхбаттасқан едік.

- Ғабит Мұхамбетұлы, елімізде өнімдер сапасына қатысты конкурстар өткізу дәстүрге айналып келеді. Әңгіме басында бұл шараның мәні мен маңызы туралы айтып өтсеңіз?

- Жалпы, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес, елімізде өнім сапасы саласында екі конкурс өткізу игі дәстүрге айналды деп айтуға негіз баршылық. Бұның біріншісі «Қазақстанның үздік тауарлары». Бұл конкурсқа отандық кәсіпкерлермен шығарылып жатқан тауарлар қатыстырылып, оның ішінен бірнеше мәрте сараптауда, үзқдіктер арасындағы сүзгіден өткен үздіктері марапатталады. Бұл конкурс биылдан бастап екі кезеңмен жүргізілуде. Оның бірі «Өңірлік конкурс-көрме» болса, екіншісі - «Республикалық конкурс-көрме».

Республикалық деңгейде жүргізіліп отырған және бір конкурс - ҚР Президентінің сапа саласындағы жетістігі үшін берілетін «Алтын сапа» сыйлығы. Бұған негізінен өз өндірісіне ISO 9001 сапа менеджменті жүйесін жемісті ендіре алған заңды тұлғалар ғана қатыса алатынын еске салғым келеді, бұл - конкурстың басты критерийі. Жалпы, біздің елімізде бұндай сапаға қатысты жүйені енгізіп, сәйкес сертификат алған кәсіпорындардың саны шамамен 3,5 мыңнан асады. Міне, дәл осы кәсіпорындар мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын конкурстың әлеуетті қатысушылары болып табылады. Тоқтала кететін тағы бір жайт, биыл «Алтын сапа» сыйлығының бесжылдық мерейтойы. Ал жалпы ерекшеліктерге келетін болсақ, ағымдағы жылы жоғарыда аталып өткен екі байқау шараларының басын біріктіріп, бәйгенің ауқымын да адымын да кеңейтіп өткізбек ниеттеміз. Сапа саласындағы бұндай дәстүрлі екі конкурстың бір-біріне ұқсастығын ескере келе, біз осындай шешім қабылдаған едік. Шындығында, егер бірінші конурста тауар сынға түсетін болса, екіншісінде - оларды қызмет көрсететін немесе қандай да бір тауар өндіретін заңды тұлғалар бақ сынайды. Сондықтан да, бұндай шараларды бір-біріне бөле жармай, керісінше оларды ортақтастырып өткізгенді жөн санадық.

- Қазіргі кезеңде байқауды өткізуге дайындық қалай? «Ең таңдаулы» атағын иеленуге ниеттілердің саны қанша екен?

- Біраз жылдар бойы Үкімет бизнестің белсенділігін арттыру бағытында үлкен шаралар атқарып келеді. Соның арқасында қазақстандық кәсіпкерлер бұндай беделді алаңда өздерін танытуға деген ықыласы артқаны, ұмтылыстары айқын байқалуда. Оның үстіне бесжылдық мерейтой қарсаңындағы «сапа бәйгесі» қоғамда, оның ішінде бизнесмендер қауымдастығы арасында үлкен қарбаластық тудырып жатқанға ұқсайды. Бұлай болатын жөні де бар, өйткені биылғы жылы берілетін Президент сыйлығының саны да артып отыр. Былтыр сапа саласындағы жетістігі үшін осындай құрметке 119 кәсіпорын ие болса, биыл бұлардың саны 174-ке дейін артады. «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс‑көрмесіне қатысушылар саны да 30 пайызға дейін артатыны күтілуде.

Тоқтала кететін тағы бір жайт, осыдан біраз бұрын Индустрия және жаңа технолгиялар министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының бірінші кезеңін, яғни өңірлерде өткізілетін байқау-көрмелерді жүргізді. Кәсіпкерлер арасындағы конкурс негізгі үш аталым бойынша: «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар», «Халық тұтынатын ең үздік тауарлар» және «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымдарымен бағаланды. Осылайша, тамыз айынан бастап, қыркүйектің ортасына дейін 9 компания жеңімпаздар ретінде анықталды. Енді бұл компаниялар жақында республикалық конкурсқа, финалға қатысу үшін Астанаға келеді. Біз бұл шараны «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының қорытындысын жариялаумен бірге желтоқсан айында өткізуді жоспарлаймыз.

Ал «Алтын сапаның» форматы сәл өзгешелеу - ол төрт кезеңнен тұрады. Оның біріншісінде, компания байқау шарттарына орай ең алдымен өзін-өзі бағалайды, ал екінші кезеңде оны сарапшылар бағалайды. Сарапшылардың қатарында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жергілікті жердегі өкілдерінен, кәсіпкерлік басқармалар мүшелерінен, ұлттық экономикалық және сауда-өнеркәсіптік палата өкілдерінен, «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен құралған комиссия анықтайды. Үшінші кезеңде компанияны Президент Әкімшілігі жетекшілік ететін комиссия бағалайтын болады. Бұның құрамына Үкімет мүшелерінен бастап, қоғамдық бірлестіктерге дейінгі басшы тұлғалар кіреді. Ал ең ақырғы кезеңінде компанияларға қатысты бағаны «Алтын сапа» сыйлығы идеясының авторы - Мемлекет басшысы беріп, Елбасы өз таңдауын жасайды. Сондықтан да, «Алтын сапа» сыйлығын иемдену өте салмақты дүние. Бұнда да жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталады. Атап айтқанда, «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін ең үздік кәсіпорын» аталымдарымен бөлінеді. Әрбір аталымда «шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» және «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» санаттары бойынша екі сыйлықтан қарастырылады. Осылайша, Президенттің сыйлығына 6 лауреат анықталады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы олардан бөлек қосымша екі сыйлыққа өзінің таңдауын жасауға құқы бар.

‑ Еліміздің үздік тауарлары тағы қандай критерийлер бойынша анықталады?

- Азық-түліктік өнімдерді таңдау барысында микробиологиялық, органолептикалық сынақтар жүргізіледі, дегустаторлар қатыстырылады, өндірістік жағдай сарапқа салынады, тауардың сақталуына, тасымалына және басқа да шараларына назар аударылады. Ал ең бастысы бұл байқауда тұтынушылардың пікірлері, ұсыныстары мен талап-тілектері үлкен маңызға ие.

‑ Сіз «Алтын сапаға» қатысты негізгі өлшемдері - компаниялардың ISO 9001сапа менеджменті жүйесін сәтті енгізуге қатысты болатыны туралы айттыңыз. Бұдан бөлек, сыйлықтан үміткер кандидаттар қандай өлшемдермен бағаланады?

- Қазақстандық қамту деңгейіне, инновацияны енгізуге, энергия мен ресурс үнемшілдігіне, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне баса назар аударылады, бұдан бөлек кәсіпорынның қарыздарының жоқтығы, қылмыстық және әкімшілік істерінің болмауы - бұлардың барлығы конкурстың негізгі критерийлері болып табылады. Яғни, үміткерлердің сапаға қатысты параметрлеріне қоса кәсіпорынның мінездемесі, жұртшылық алдындағы беделі де сай болуы шарт. Мемлекет басшысының сыйлығы үшін болатын конкурсқа қатысушылардың екі өлшем топтары бойынша балл жинаумен де бағаланатынын еске салғым келеді. Бұның бірі - «Мүмкіндіктері» болса, екіншісі - «Нәтижелері» бойынша анықталады. Бұл жерде «Мүмкіндіктері» - компанияның ұстанған саясаты мен стратегиясы, персоналы, әріптестігі мен ресурстарына мән беріледі. Ал екінші - «Нәтижелері» бойынша - тұтынушының қанағаттану деңгейі, қоғамға әсері және қызметінің негізгі нәтижелері бағаланады. Қорытындысы бойынша қатысушылар әрбір пунктте 100 баллға дейін жинайды. Кім көп балл жинаса сол жеңімпаз атанады. Нәтижесінде біз «үздіктердің арасынан үздіктерді» таңдап алатын боламыз. Ал Конкурсты өткізудің бесжылдық тәжірибесі көрсеткендей, сапа белгісі бойынша жеңімпаз атану және бұл бағытта қоғамның көңілінен шығу ең жоғары марапат болып табылады. Сол үшін компанияларға Мемлекет басшысының сыйлығын иемденіп, сенімге кіру қаншалықты қиын болса, бұндай жоғары награданы лайықты алып жүру соншалықты қиын.

- Отандық өнімдер мен қызметтер сапасын бағалауға тұтынушыларды кеңінен қатыстыру шараларын жетілдіре түссе қайтеді. Мәселен, қазір бұл бағытта кеңінен қолданылатын ұялы телефон арқылы sмs-дауыс беруді қосса ше? Осылайша жаппай қамтылса тауар сапасына берілетін баға да әділ болмай ма?

- Әуелгіде бұндай идея бізде де болып еді, бірақ абыройлы, беделді Президент сыйлығын коммерциялық шараға айналдырмауды жөн санадық. Дегенмен, әлі пысықтап қарастырамыз, бәлкім келер жылы азаматтардың еркін таңдауы бойынша «Қазақстанның үздік тауарлары» сыйлығына смс-дауыс беруді қосатын шығармыз. Ал қазірше, сапаға қатысты сыйлыққа бірегей объективті бағаның кепілі Мемлекет басшысы болып қала береді.

- Сіз Президенттің сапа белгісіне қатысты сыйлығына тек халықаралық сапа менеджменті стандартын енгізген кәсіпорындар қатысады деп айттыңыз. Сонда, конкурсқа негізінен ірі бизнес қана қатысады ма?

- Жоқ, тек ірі бизнес қана емес. Шағын және орта кәсіпорындар да бұл сапа жүйесін енгізіп жатыр. Жалпы, Үкімет 2005 жылдан бері шағын және орта бизнес және агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін ISO 9001 ендіруге субсидия бөліп келе жатқанын еске салғым келеді.

- Жеңімпаздарды қоғамдық жұмыстарға араластыру туралы Сіз көтерген идея жүзеге аса ма?

- Иә, мен бір сөзімде Еуропа мен Америкада дәл осындай конкурс лауреаттары тек жоғары наградаға иеленіп қана қоймай, олардың үлкен қоғамдық жүктемені де көтеретінін айтып едім. Яғни, дамыған шетелде мәртебесі биік сыйлыққа ие болған жеңімпаздар сол өздерінің қатарындағы лауреаттар командасынан немесе ресми билік атынан сапа саласының үлкен қолдаушысы болады әрі осы бағытта жәрдем беру жұмыстарына араласады. Мәселен, ондай лауреаттар республика көлемінде кәсіпкерлер үшін дәріс оқиды, форумдарға қатысып, жұмыстағы жоғары сапаға иелік ету тұрғысынан ұсыныстар айтып, пікір қалыптастырады. Жас не болмаса тәжірибесі аз кәсіпкерлерге өзінің тәжірибесімен бөліседі. Біз де осындай міндеттерді лауреаттар үшін жүктемекпіз.

Шындығында, озық бизнеске қатысты дәл осындай тәжірибемен алмасу жұмыстары керек-ақ. Өйткені, «Алтын сапаға» қатысқаннан, лауреат атанған кәсіпорын көптеген басымдықтарға ие. Олар өздерінің өнімдеріне қатарынан екі жыл бойы конкурс эмблемасын таңбалай алады, жыл бойына еліміздің жетекші арналарында тегін жарнамаланады. Ендеше бұндай құқықтармен қоса, оларға да белгілі бір міндеттерді жүктеген абзалырақ. Жеңімпаз өз тәжірибесімен бөлісу керек. Жалпы, біз бұндай ұсынысты басшылыққа ала отырып, Президент жарлығына өзгерістер енгізу мәселесін де көтеретін боламыз. Бұны идея авторы - Елбасы да қолдайды деп сенемін.

- Кедендік одаққа енуімізге байланысты жағдайға тоқталсаңыз. Жалпы, Кедендік одақ елдері нарығында отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін қандай шаралар атқарылуда, әлгіндей конкурстар лауреаттары үшін белгілі бір басымдықтар бар ма?

‑ Кедендік одақ аясында бізде зор мүмкіндік қалыптасып отыр. Өйткені қандай да бизнес үшін 170 миллионға тартатын нарықтық кеңістікті игерудің әлдеқайда жемісті болатыны белгілі және қазіргі уақытта осы бағыттағы мүмкіндіктерімізді түгелдей қарастыруымыз керек. Бұл ретте Үкімет жедел тәртіппен Ресей мен Беларус еліне қарай экспорт үшін кедергілерді алып тастау шараларын қабылдады. Атап айтқанда, сапаға қатысты әртүрлі тексерулер жойылды. Бұндай тексерістердің тауар сапасына да кері әсерін тигізетін жағдайлар болатынын да еске салғым келеді. Қазақстан өнімдердің айналымына, олардың сынағына, сынақ зертханаларына қатысты әдістерін ресейлік және беларустық талаптарға сәйкес келтірді. Бұдан бөлек, үкімет тиісті мемлекетаралық келісімдеріне сәйкес, Кедендік одақ үшін сертификаттауы бойынша үш елдің органдарымен аккредиттелген реестрін және бірегей құжаттарды беруді міндетті сәйкестендіруге жататын өнімдер тізбегін әзіорледі. Ендігі күні бірегей тізбекке енгізілген отандық кәсіпорындар, тауар өндірушілер бірегей сертификат немесе өнімнің сәйкестілік декларациясын илене алады. Сол арқылы тауар өндірушілеріміз Беларус пен Ресейдің нарығына қосымша сынақтар мен сертификаттарсыз‑ақ енетін болады. Бүгінгі күні одақ аясындағы үш елге есептелген сапаны арттыру және стандарттау саласында жұмыс жоспарлары қалыптасып жатқаны белгілі. Сондықтан да, біз кеден одағы аясындағы үш елдің үкіметтеріне үндеу жолдамақпыз. Онда да сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін Кедендік одақ жөніндегі комиссияның сыйлығын бекіту туралы мәселеге қозғау салуды жөн көріп отырмыз. Өйткені қазақстандықтар әйтпесе ресейліктер мен беларустар ғана емес, кедендік сауда кеңістігіндегі әріптестеріміздің баршасы ең үздік тауарларды бір көргеннен тани кетуі тиіс. Және бұндай кәсіпорындарға қажеті қолдаулар да жасалуы шарт. Бұл аса маңызды қадам болар еді. Ал конкурсқа қатысушыларға қандай да бір басымдық бола ма дегенге келсек, Президент сыйлығының лауреаттары ТМД мен Еуразия аумағында осыған ұқсас конкурстарға автоматты түрде қатысуға мүмкіндік алатын болады.

- Президент сыйлығын иеленген лауреаттарымыз Ресей мен Беларус елінде қаншалықты бәсекеге қабілетті? Егер Қазақстан ДСҰ-ға кірген жағдайда олар өздерінің лайықты орнын таба ала ма?

- Конкурс жүргізіліп келе жатқан 5 жыл ішінде оның екі лауреаты - Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Ақтөберентген» компаниясы ТМД шеңберіндегі осыған ұқсас конкурстың дипломанттары аталды. Бұның өзі кәсіпорындардың нағыз лайықты екендігін әрі олардың даму қарқыны да сәтті жүргізіліп отырғанын білдіреді. Былтырғы жылы «Ақтөберентген» компаниясы халықаралық конкурста лайықты жетістікке қол жеткізіп 2 орынға иеленді. Жалпы, біз соңғы төрт жыл бойы лауреаттарды, олардың даму динамикасын бақылап отырамыз. Олардың құрамында жаңа жұмыс орындары ашылды ма, өндірістері жаңғыртылып жатыр ма, инновациялық ұмтылысы қалай - осының барлығы бақылауда тұрады. Әзірше, бізге белгілісі қорытынды жаман емес.

- Лауреат атанған кәсіпорындар туралы айтып берсеңіз?

- 2006 жылы - «Қазақмыс», «LG Electronics», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ақтау әйнекталшықты құбыр зауыты, «Беккер и К» компаниялары жеңімпаз болды. «Азия Авто» АҚ, «Дербес» фирмасы, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Универсал» - 2007 жыл. «Ақсай» нан зауыты, «Қазтрансойл» АҚ, «Ақтөберентген» АҚ, «Қазхром» компаниясы, «Даму» индустриялық-логистикалық орталығы - 2008 жылы иеленді. Бұлардың бәрі біздің мақтанышымыз. Жалпы, елімізде лайықты бизнесмендер баршылық, және олар өз істерін дұрыс жолға қойып, орнықты даму үлгісін көрсетіп кел

Соңғы жаңалықтар