Тауарларды террористердің пайдалануына жол бермеу мақсатында ЕурАзЭҚ аясындағы келісім жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» ҚР Заңын қабылдады.
None
None

Құжат Мемлекет басшысының 2013 жылғы желтоқсандағы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Келісімге 2003 жылғы қазанда қол қойылды және Қазақстан Республикасы оны 2005 жылғы желтоқсанда ратификациялады. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы ЕурАзЭҚ-ның бірыңғай кеден аумағына қосылған кезден бастап күшіне енетін жекелеген баптарды қоспағанда Келісім 2007 жылғы желтоқсанда күшіне енді.

Аталған баптарда олар күшіне енген жағдайда ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан) аумағы бойынша экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың еркін тасымалдануы көзделеді. Келісімнің күшін жою қажеттілігі қосарланған мақсаттағы тауарлардың ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы қозғалысы кезінде трансшекаралық бақылаудың болмауынан туындап отыр. Ал мұндай бақылаудың болмауы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екеніне және ондай тауарларды террористік әрекеттерге пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан қауіпті болатынына назар аударылады. Сонымен қатар, келісімнің күші қару-жарақ пен әскери техникаға, сондай-ақ әскери мақсаттағы өзге де өнімдерге қатысты сыртқы экономикалық қызметтерге қолданылмайтын болады. Тоқтала кететін жайт, аталған келісім Кеден одағы құрылмай тұрып қабылданған болатын әрі бүгінгі күні іс жүзінде жұмыс істемейді. Сонымен қатар, экспорттық бақылауға жататын тауарларды террористердің жаппай қырып-жою қару-жарақтарын, қарапайым қаруларды дайындау үшін пайдалану мүмкіндігін ескерсек, құжаттың күшін жою маңызды.

Соңғы жаңалықтар