Тәуелсіз еліміздегі дінаралық татулық жалғасын таба берсін - «Жаңатас» орталық мешітінің келушісі

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз жүргізіп отырған ішкі, сыртқы сарабдал саясаттың арқасында тәуелсіз жас мемлекетіміздің халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді.
None
None

Бұл пікірін Жамбыл облысы, Жаңатас қаласындағы «Жаңатас» орталық мешітінің келушісі Жасұлан Боханов білдірді.  

- Бұл үшін Аллаға мың да бір шүкіршілік. Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының төрт құрылтайының да Астанада өтуі осыны айқын көрсетті. Мұндай келелі, тарихи басқосуды өткізу жөніндегі жарқын идеяның бірден-бір бастамашысы, оны тамаша әрі жоғары деңгейде іс жүзіне асырушы да біздің реформатор Елбасымыз екені бәрімізге зор мақтаныш. Діндердің халықтар мен халықтарды, мемлекеттер мен мемлекеттерді өзара жақындатуда да, керісінше алыстатып, дүрдараз етуде де рөлінің айрықша зор екені талас туғызбаса керек.

Бүгінгі алмағайып та қым-қуыт дүниеде бейбітшілік пен ынтымақ күшейіп, дамуы үшін діндераралық үнқатысу мен төзімділіктің мән-маңызы жоғары. Әлемдік тарихта бұрын-соңды бір үстелдің басында мұншама дін басшыларының төрт рет бас қосып үн қатысуы, өздерінің толғандырған ойларын ортаға салуы, бірін-бірі сабырлылықпен тыңдап, түсінісуіне біздегідей мүмкіндік тумаған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған елімізде 2011 жылы қабылданған жаңа заңға сәйкес, барлық діни бірлестіктер қайта тіркеу процесінен өтті. Бұл да дін саласында атқарылған үлкен іс деп бағалауға лайықты науқан болып табылады.

Тәуелсіз еліміздегі дінаралық татулық жалғасын таба берсін!

Соңғы жаңалықтар