Тәуелсіз Қазақстан жүріп өткен жолдарды Павлодар қаласында ғалымдар ой елегінен өткізді

Бұл туралы Павлодар педагогикалық институтының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары сараптамалық баяндамалары арқылы еуразиялық кеңістіктегі егемен Қазақстанның рөліне тоқталып, тәуелсіздік жағдайындағы ТМД елдерінің ықпалдасу үдерістері мен республиканың қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне тоқталды.
«Қазақстан қысқа тарихи мерзім ішінде әлемдік қауымдастық таныған мемлекет құра алды, деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Антон Морозов. - Жүргізілген реформалар елімізге халықаралық экономикаға сіңісуге мүмкіндік берді. Қазіргі күні жол картасы мен ҮИИД қазақстандық мазмұндағы бағдарламаларының арқасында шикізат тәуелділігінен арылу мүмкін болып, жоғары қосылысты құны бар өнімдер шығаратын кәсіпорындар құрылды».
Ғалымдар отандық тарихтың көкейкесті мәселелерін, археология мен этнография саласындағы заманауи зерттеулер туралы да сөз қозғады. Жас ұрпақтың интеллектуалдық дамуы мен адамгершілік тұрғыда тәрбиеленуінің мәселелері де әңгімеге арқау болды.
Конференцияның жұмысы барысында «Қазақстанда тарих ғылымының даму жолдары» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтті.