Тәуелсіз мемлекет ретіндегі 20 жыл ТМД мемлекеттерінің барлығы үшін маңызды тарихи оқиға - Қырғызстанның Жогорку Кенешінің өкілі

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Саяси қарбаласқа толы 1990 жылдары даму жолын таңдау бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан мемлекеттердің қай-қайсысы үшін де оңай болған жоқ.
None
None

Содан бері 20 жыл өтті. Осы мереке тұсында біздің барлығымыз өткенімізге тағы бір көз жүгіртеміз. Қырғызстан үшін және ТМД мемлекеттерінің барлығының азаматтары үшін бұл тек мерейтойлы дата ғана емес. Бұл мемлекет өміріндегі маңызды тарихи оқиға»,-деді бүгін Қырғызстанның Жогорку Кенеші төрағасының орынбасары Асылбек Жээнбеков. Бұл туралы ол бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке 20 жыл» атты халықаралық конференцияда айтты.

Қырғызстан өкілінің айтуынша, біз дағдарыстарды өз күшімізбен жеңуге үйрендік. «Біз ылғи да алға жылжумен болдық және өзіміздің әлем туралы көзқарасымызды өзгерттік. Соған қарамастан Қазақстан мен Қырғызстан тарихы қашанда бірге болғандығын есте ұстадық. Өйткені біздің тарих пен халқымыздың тағдырын бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Қазақстан мен Қырғызстанның өте жақын достас елдер, стратегиялық әріптес және одақтақ мемлекеттер екенін мен нық сеніммен айта аламын»,-деді А.Жээбеков.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Қырғыстан қатынастары барлық салалар бойынша қарқынды дамып келе жатқандығына тоқталды. «Қазақстан Қырғызстанның басты экономикалық әріптестерінің бірі және бұл мемлекет Қырғызстан тауар алмасатын шет мемлекеттердің көш басында тұр. 2010 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 17 есеге көп»,-деді Қырғызстан өкілі.

Соңғы жаңалықтар