15:00, 17 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Тәуелсіздік алған 18 жыл ішінде егемен Қазақстан ТМД-ның көптеген елдерін артқа қалдыра отырып, орасан серпіліс жасады» - Халық Қаһарманы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Аким Атмачиди
CЕМЕЙ. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Тәуелсіздік алған 18 жыл ішінде егемен Қазақстан ТМД-ның көптеген елдерін артқа қалдыра отырып, орасан серпіліс жасады», - деп санайды Халық Қаһарманы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Семей қаласының Құрметті азаматы Аким Иванович Атмачиди.

- Еліміз қалыптасуы кезіндегі осы жылдар ішінде көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді, бірақ басты құндылықты: дамудағы сабақтастықты, біздің республикамыздағы тұрақтылықты және көпұлтты халықтың біртұтастығын сақтап қалды. Қазақстанның азат халқының құқықтық мемлекетте өмір сүруі үшін елімізде көптеген істер тындырылуда, ал демократиялық қайта құрулар республикадаЕҚЫҰ төрағалығын иеленуге мүмкіндік берді. Бұлардың барлығына ҚР Үкіметі мен ұлт көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең ойластырылған стратегиясының арқасында қол жеткізілді, - деді Семей қаласындағы «Темірбетон құрастыру өндірістік бірлестігі» ЖШС басқарма бастығы А. Атмачиди.