Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан елшілігі Украинада салтанатты қабылдау өткізді

АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның Киевтегі елшілігі Тәуелсіздік Күніне орай салтанатты қабылдау өткізді,
None
None

деп хабарлады Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға Украина Президенті Хатшылығы мен Үкіметінің жауапты лауазым иелері, Украина Жоғарғы Радасы халықаралық байланыстар Комитетінің төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті О.Билорус, Украина Жоғарғы Радасының депутаттары, Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары И.Гнатишин, өзге мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, шетелдік дипломатиялық миссияның басшылары мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және қазақ диаспорасы қатысты.

Аталған іс-шараның қарсаңында Елші Амангелді Жұмабаев ұлттық мерекеге орай, осы елдің бес телеарнасына тікелей эфирмен шығып («Украинаның ұлттық телеарнасы», «5» телеарна, «Бірінші іскер телеарна», «УБК-Украина» телеарна, «Киевтің мемлекеттік телерадиоарнасы),  беделді украин бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесулер барысында Елші еліміздің 18 жылда Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталып, Қазақстанның әлемдік дағдарысқа қарамастан, одан әрі дамып келе жатқандығы туралы айтты.

А.Жұмабаев тілшілерге Қазақстанның келесі жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінде койған басты мақсаттары мен міндеттері туралы, еуропалық стандарттарды орнатуға ұмтылған, қарқынды дамып келе жатқан жас ел екені туралы және саяси-экономикалық жаңартуды одан әрі жалғастыруды көздейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, сұхбат кезінде, Елші Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа Жолдауына аса мән берді. Қазақстанның діндер мен өркенеттер арасындағы түсіністікті нығайтуға бағытталған іс-шаралары жөнінде айта келіп, елде жемісті түрде өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші Съезі туралы кеңінен баяндады.

Салтанатты кеште қазақ және украин ұлттық музыкалық шығармалары орындалып, Қазақстанның бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, сонын ішінде Еліміздің экономикасы, мәдениеті мен тарихы бейнеленген фотостенд жасақталды. Сонымен қатар, кеш барысында кітап жәрмеңкесі өткізілді.

Қонақтар Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің дарынды және өнерлі студенттік тобының концерттік бағдарламасын қызығып тыңдады.

Салтанатты қабылдау алдында Елшілік белгілі жазушы, түркітанушы, қоғам қайраткері О.Сүлейменовтің украин тіліне аударылған «АЗиЯ» кітабының жергілікті қауымға тұсаукесерін жасады.

Аталмыш тұсаукесерге Украина Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, Жоғарғы Раданың депутаттары, жергілікті мемлекеттік органдардың, қоғамдық-саяси ортаның, мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдарының, қазақ диаспорасының, Украинада тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері және атақты украин ақындары мен жазушылары қатысты (барлығы - 200 шақты адам).

Тұсаукесер алдында О.Сүлейменов украинаның бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, тікелей эфир мен арнайы хабарға қатысты.

Қабылдауға келген қауымға (400-шақты адам) ескерткіш ретінде Қазақстан туралы дискілер, желтоқсанның 14-інде шыққан «Эксперт-Украина» журналы, О.Сүлейменовтің украин тіліне аударылған «АЗиЯ» кітабы, Елбасымыздың украин тіліндегі кітаптары таратылды.

Соңғы жаңалықтар