Тәуелсіздік күні құрметіне Елбасы Жарлығымен пенитенциарлық жүйе қызметкерлері мемлекеттік наградалармен атап өтілді

деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, міндетін абыроймен атқарғаны үшін, құқық тәртібін қамтамасыз ету кезіндегі ерлігі үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы ЕЦ-166/24 мекемесінің отряд бастығы Ольга Васильевская (қаза тапқан) және Қарағанды облысы бойынша басқарманың АК-159/1 мекемесінің бастығы Жалғас Қалмұратовтар «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Сондай-ақ жауынгерлік және интернационалдық борыштарын үлгілі өтегендері үшін комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қызметкері Камаладин Сақтағанов, Батыс Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Владимир Сиверин және Павлодар облысы бойынша басқарма мекемесінің қызметкері Мұрат Теміржанов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.