16:05, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Тәуелсіздік күні құрметіне шығыс жекпе-жегінен фестиваль өтті
АТЫРАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда алғаш рет шығыс жекпе-жегі фестивалі өтті. Бұл шараға спорттың жекпе-жек түрлерімен айналысатын көптеген спортшылар қатысты.

Фестиваль еліміздің Тәуелсіздік күніне арналды.
Фестивальда спорттың қазақша күрес, дзюдо, каратэ, таэквандо сияқты түрлерімен айналысатын спортшылармен бірге кіші өнер академиясының тәрбиеленушілері де өнер көрсетіп, эстрадалық және би нөмірлерін ортаға салды, олар фестивальді нағыз мерекеге айналдырды.
Фестивальді қалалық спорт бөлімі мен кіші өнер академиясы ұйымдастырды.