11:43, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
«Тәуелсіздік құрдастары» акциясының аясында веложарыс өтті - Тараз
ТАРАЗ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда «Тәуелсіздік құрдастары» акциясының аясында веложарыс өтті, деп хабарлады «Нұр Отанның» Жамбыл облыстық филиалынан.
«Жас Отан» жастар қанаты мен «Жасыл ел» еңбек жасағының облыстық штабы ұйымдастырған жарыс орталық «Достық» алаңынан басталып, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында сөреге жетті. Салауатты өмір салтын насихаттаған бұл додаға «Жас Отан» жастар қанатының, «Жасыл ел» облыстық штабының белсенділері, ішкі саясат басқармасы мен білім департаментінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Нұр Отанның» облыстық филиалынан хабарлағандай, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында облыстың барлық елді-мекендерінде «Тәуелсіздік құрдастары» деп аталған аллеяларға ағаштар отырғызылады, жастардың ұйытқы болуымен абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.