Тәуелсіздік мерекесіне орай қызылордалық ҰОС ардагерлері марапатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін аудандық әскери комиссариатта Тәуелсіздік мерекесіне арналған шара өтті, деп хабарлайды Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Егемен елдің ерен жетістіктері жөнінде баяндама оқылды. Ұйымдастырушы тарап сала ардагерлерімен қатар, кент ардагерлері кеңесінің төрғасы М.Махмұтовқа мерекелік құттықтау мадақтамаларын табыстады. Сондай-ақ жаңадан тағайындалған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғ.Тасжановтың бастаған топ аудандағы 14 ҰОС ардагерлерінің үйіне арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтауға жолға шықты. Бірінші кезекте кент орталығындағы майдангер М.Сапарбаевтың шаңырағына ат басын тіреп, қадірменді қарияның ақ батасын алды.

Соңғы жаңалықтар