«Тәуелсіздік туралы 20 факті»: 1991 жыл. Тәуелсіздік - мемлекет тұғыры

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Тәуелсіздік туралы 20 факті» жобасы аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазба қалдырды.
None
None

«1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей сайлауы өткізілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа Қазақстанның тұңғыш легитимді көшбасшысы болды. Елбасының сындарлы саясаты азаматтарды тәуелсіздік, тұрақтылық, келісім секілді құндылықтар аясында біріктірді!», - деп жазды Үкімет басшысы.

Премьердің парақшасында жазылған екінші дата, 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігі жарияланды. Президент «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды. «Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық!», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда Сіздің өміріңізде қандай өзгерістер орын алды, 1991 жылы қалаңызда, ауылыңызда қандай қызықты оқиғалар болғаны, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы айтыңыздар. Жоба аяқталған соң, үздік пікір білдіргендерге кәде-сый дайын.

«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20/?lang=kz танысыңыздар.

Соңғы жаңалықтар