13:08, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Тәуелсіздік жылдары әдебиет пен өнерде жаңа таланттар өсіп шықты - Елбасы
АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жастар аға буынның бұған дейін жасалған шығармашылық мұрасын байыту керек.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы резиденциясында Президенттік және Мемлекеттік стипендия иегерлерімен болған кездесуде осындай пікір білдірді.
"Әдебиет пен өнер иелері Тәуелсіздіктің қалыптасуына өлшеусіз өз үлесін қосты. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары әдебиет пен өнерде жаңа таланттар өсіп шықты. Оларды қолдау үшін 2000 жылдан бері жыл сайын Мемлекеттік стипендия берілуде", - дейді Н.Әбішұлы. Елбасының айтуынша, бұл көмек жастардың өз қабілетін ашуына септігін тигізбек. Материалдық жәрдемнің көлемі аса үлкен болмаса да, ол жастарды ынталандыруға бағытталып отыр. Мемлекет олардың өз таланттарын жарқыратып көрсетуіне қолайлы жағдай туғызуда. Ендігі міндет - отандық мәдениетті жаңа деңгейге көтеру.