Тәуелсіздік жылдары ОҚО-ң өнеркәсіп саласы қарыштап дамыған

Жалпы өнеркәсiп - экономиканың негiзiн қалайтын және айқындайтын секторлардың бiр болып табылады. Кәсiпорын қызметінің тұрақтылығы, көпсалалы өндiрiске бағытталуы, өндіріс көлемінің өсуі, сондай-ақ, шығарылатын өнім сапасының жоғарылауы және оның бәсекеге қабілеттілігін жақсаруы, бүгiнгi күндегі талаптарға жауап бере алуы, облыс экономикасының өсуiне кепiл.
Өнеркәсіптің 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін жағдайына жасалынған сараптама келесіні сипаттайды: 1991 жылы нақты көлем индексі 100,3% құраса, 1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің 86,8% дан 61,4% дейін төмендеп, 1997 жылдан бастап тұрақты өсе бастаған, оған төменде келтірілген өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі және ақшалай түрдегі өсу қарқынының динамикасын көрсетеді.
1994 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 18840,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2015 жылмен салыстырсақ өнеркәсіп өнімнің көлемі 670407,3 млн. теңгеге дейін жетіп,35,6 есеге өсті.
Облыста қайта өңдеу салалары да динамикалық қарқынымен дамуда. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1994 жылы 22765,9 млн. теңгені құраса, 2015 жылы 412569,9 млн. теңгеге жетіп, 18,1 есеге өсті.