Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 6 млн. сәби дүние есігін ашты - Н.Назарбаев

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 6 млн. сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде айтты.
None
None

«Алты миллион сәби - бұл 6 миллион әйелдің ерлігі. Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде туу өсімі 11 пайызды құрады. Сондықтан да табиғи өсім - 37 пайыз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы, мұндай өсімге халықтың әл-ауқаты мен мүмкіншілігінің өсуі де зор ықпал етіп отырғандығын баса айтты. «Сондай-ақ бұл балалардың болашағына, біздің еліміздің болашағына, біз жүргізіп отырған саясатқа сенім», - деді Елбасы.

ҚР Президенті алға тартқан деректерге қарағанда, тек өткен жылдың ішінде ғана республикада 380 мың бала дүниеге келген. Бұл 9 жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,5 есе артық.

Соңғы жаңалықтар