Тәуелсіздік жылдарындағы терең және кең көлемді қайта жаңартулар біздер үшін дәуірге тең болды - Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі Е.Қазыханов

Бұл жөнінде ҚР Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі Ержан Қазыханов ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау барысында мәлімдеді.
Қабылдауда болған қонақтарға арнап құттықтау сөз сөйлеген Ержан Қазыханов, «130-дан астам ұлттар өкілдері бейбіт және достық жағдайында өмір сүріп отырған Қазақстан экономикалық және демократиялық реформаларды сеніммен жалғастырып жатқанын», атап өтті.
Сонымен қатар Елші,т«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алдағы уақытта төрағалық етуі бұл аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы бірегей мүмкіндік» екенін айтты.
Дипломатиялық қабылдауда болған қонақтарға біздің мемлекетіміз, туристік әлеуетіміз, Қазақстанның қазіргі экономикасы, саяси және мәдени өмірі туралы фильм көрсетілді.