Тәуелсіздікке арналған жаңа кітаптың тұсаускесері болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -Қызылорда гуманитарлық заң колледжінің мәжіліс залында «Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығармашылық кешке кітап авторлары - облыс әкімінің орынбасары, саяси ғылымдар докторы Мұрат Мұхамедов пен Бекмырза Сырымбет­ұлы қатысты.

Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси-құқықтық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени және эволюциялық дамуы баяндалған. Сондай-ақ мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі қиыншылықтардан бастап қазіргі күнгі өрлеу сатысына дейінгі жүріп өткен сара жолы оқырмандар назарына ұсынылған.Төл туындының түрлі тарауларында КСРО-ның ыдырауы мен республикалар тәуелсіздігі, экономикалық реформалар, саяси сынақ жылдары, қаржы дағдарысын еңсеру кезеңі, жалпы Тәуелсіз ел тарихының маңызды оқиғалары жайында әңгімеленеді.

Соңғы жаңалықтар