17:15, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Тәуелсіздіктің 20 жылдығын толық сезініп, құрметпен атап өтуіміз керек - А.Авилов, БҚО
ОРАЛ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тәуелсіздіктің 20 жылдығын толық сезініп, құрметпен атап өтуіміз керек. Бұл туралы «Орал-Жайық казактары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Авилов мәлім етті.

Оның айтуынша, Елбасымыздың басымдық берген мәселелерінің барлығы «бірлік» сөзіне тіреледі. Бұл - сөздің мағынасы тұрғысынан ғана емес, шынайы ықылас пен әрекеттің арқасында жүзеге асатын ақиқат. Өйткені, мемлекетіміздегі татулық пен тыныштық үшін атқарылып жатқан істерді халықтың көзі көріп, санасы түйсініп отыр. «Елдегі ұлтаралық келісім - мемлекеттің дұрыс бағыт ұстанып, әлемдегі тыныштық пен бейбіт өмірді қолдауын, қолдап қана қоймай, соны көзге көрінетін нақты істің нәтижесімен дәлелдеуінің белгісі. Менің ойымша, бірлік пен келісім болмаған жерде алға басу жоқ. Кеше Қазақстан халқы бірлігі күнін қалай көтеріңкі көңіл-күймен, көппен бірге атап өтсек, алда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын да солай тойлайтын боламыз», - деді А.Авилов.