Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлауға ұлттық-мәдени орталықтар мен жастарды кеңінен тарту керек - Қанат Саудабаев

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Тәуелсіздік күнін тойлау жөніндегі жұмыс тобы іс-қимылдарды үйлестіруді күшейтуі керек. Бүгін Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев осылай деді.
None
None

Осынау атаулы мерекенің аясында өткізілетін әрбір іс-шараның мазмұнды болуы, оған отандастарымыздың белсендірек атсалысуы өте маңызды, мерекені жалпыхалықтық деңгейде өткізу керек.

«Оған қоса, осынау үрдіске ұлттық-мәдени орталықтарды, елімізде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін кеңінен тартуымыз керек. Бұл әсіресе, Алматыға қатысты, себебі ұлттық орталықтардың көпшілігі осында орналасқан. Осынау әлеуетті пайдалану және барлық іс-шараларды ұлттық-мәдени орталықтарды жұмылдыру керек», - деді Қ.Саудабаев өз сөзінде.

Сондай-ақ, барлық іс-шараларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету - комиссия жұмысының тағы бір маңызды бағыты екені баса атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар