Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған турне аясында Арыс қаласының 300-ден астам тұрғыны дәрігерлік тексерістен өткізілді

ТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ақпараттық-насихаттық турне аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының 300-ден астам тұрғыны дәрігерлік тексерістен өткізілді.
None
None

«Пойыздың біздің ауданға келуі өте дұрыс болды, оны қабылдауға келген адамдар кезегінен ақ байқай аласыз. Адамдар дәрігерлерден кеңестер алу үшін таңғы сегізден бастап кезекке тұрған. Бізге сонымен қатар облыстық мамандар да келді»,- деп атап өтті Арыс аудандық ауруханасының бас дәрігері Марат Серікбаев.

Оның айтуынша, адамдар негізінен кардиолог, жүйке аурулары мен көз аурулары дәрігеріне жүгінеді.

«Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық бекетте азаматтар тексерістен өтуде. Біз таңертеңнен бері 300-ден астам адамды тексерістен өткіздік. Күннің соңына дейін біз қосымша 500-ге жуық адамды тексерістермен қамтуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады М.Серікбаев.

Соңғы жаңалықтар