17:21, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміз жеткен жетістіктерді әлемге паш ете білуіміз керек- Елбасы
АНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміз жеткен жетістіктерді әлемге паш ете білуіміз керек. Бүгін ҚР Парламенті Cенатының жалпы отырысында бірқатар жоғары қызметтерге кандидаттарды тағайындаудан кейін сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы баршамыз үшін аса қуанышты жыл. Бұл тек қана дабырлататын той жылы емес. 20 жылдықтағы Қазақстанның табысын дүние жүзіне білдіре, әлемге паш ете білуіміз керек. Халқымыздың 20 жылдықтағы табысын, жетістігін, әлеуметтік белесін көрсетіп, халықтың жағдайын одан сайын жақсартуға ұмтылуға тиіспіз. Бұның ішіндегі ең биік мәселе елдің бірлігі, бұл - қазақтың, көпұлтты Қазақстанның бірлігі. Осы үшін жұмыс жасайтын боламыз», - деді Елбасы.