«Таукен» ЖШС алғашқы тоқсанда 777,409 тонна уран өндірді

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - «Таукен компаниясы» ЖШС-нің таза табысы биылғы І тоқсанда 3 млрд. 548 млн. 584 мың теңгеге өсіп, 8 млрд. 463 млн. 964 мың теңгені құрады. Бүгін Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты.
None
None

Еншілес компанияның басты уран өндіруші кәсіпорындары - «Степное РУ», «РУ-6» және «ТКХК» ЖШС-лары үшін І тоқсанда уран өндірудің жоспардағы ауқымы тиісті келісім-шарттарда белгіленген көлеммен толық сәйкес келді. Онда жиынтық жоспарда көзделген 724,4 тонна орнына«Таукен компаниясы» ЖШС-нің кәсіпорындары 777,409 тонна уран өндіріп, жоспарды 107,3 пайызға орындады. Ал жалпы шоғырландырылған табысы 21 млрд. 64 млн. 956 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 24,2% ( 4 млрд. 104 млн. 342 мың теңге) көп. Негізгі қызмет түрінен түсетін табыс та 25,3%-ға (4 млрд. 191 млн. 432 мың теңгеге) ұлғайып, 20 млрд. 757 млн. 811 мың теңгеге жетті. Оған бірінші кезекте уран өнімдері бағасының өсуі өз септігін тигізді. Орташа өнім өткізу бағасы 1 кг-ға 24 258 теңгені құрады. 2010 жылдың осы кезеңінде бұл 15228 теңге болған еді.

Соңғы жаңалықтар