Тәулік мезгілдері бойынша сараланған тариф мол қаржы үнемдеуде

ПАВЛОДАР. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың «Энергоорталық» акционерлік қоғамы көпставкалы есептеу құралдарын пайдаланып отырған тұтынушылардың қомақты қаржы үнемдеп отырғанын тіркеп отыр,
None
None

деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Жүргізілген талдаулар, клиенттердің өткен жылдың желтоқсан айында 4,6 миллион теңге, ал ағымдағы жылдың наурыз айында 10 миллион теңге үнемдегендерін көрсетіп отыр.

Тәулік мезгілдері бойынша электр қуатының есебін жүргізетін көпставкалы есептеу құралдарын қазіргі таңда «Энергоорталықтың» 210 мың абонентінің тек 1,5 мыңы ғана пайдалануда.

Соңғы жаңалықтар