Тайландта жағайжай волейболынан ІІ Азия турлары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайландта жағажай волейболынан ІІ Азия турлары өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Нахон Шри Тхамарат қаласында Хан - «Федербау» турының ақтық ойындары өтеді. Сәуірдің 4-і күні басталған бұл жарыста Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы алғашқы кездесуде жаңазеландиялықтарға ұтылса, Алексей Кулинич пен Дмитрий Яковлевтің жұбы тайпейліктерден басым түсті. Кеше қазақстандық командалар өзара сайысып, бұл кездесуде Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренконың мерейі үстем шықты. Ал әйелдер арасындағы сында Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова жапондық құрбыларынан басым түскенімен, Бақтыгүл Самаликова мен Марина Пилипенко тайпейліктерге есе жіберді.

Былтыр бұл турда Алексей Сидоренко мен Дмитрий Яковлев жұбы Владимир Юдаковтың бапкерлігімен 32 команданың арасынан 3-ші орын алған еді. Андрей Рюховтан тәлім алған Александр Бабичев пен Алексей Кулешов 9-шы орынға табан тіреді. Ал әйелдер арасында Рустам Бектеміров баптайтын Бақтыгүл Самаликова мен Марина Пилипенконың және Оксана Пилипенко мен Любовь Богатудың жұптары 17-ші орынды өзара бөліскен болатын.

Соңғы жаңалықтар