Тәжікстанның Худжанд қаласында жарылыс болды
деп хабарлайды Лента.ру агенттігі.
Жарылыс ғимараттың ішінде болған. Жарылыс күші 500 метр аумақты қамтып, маңындағы үйлер мен көліктердің терезелері сынған. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің төрт көлігі жұмылдырылған. Оқиға орнында жараланғандарды бірнеше жедел жәрдем көліктері ауруханаға алып кеткен, деп хабарлаған "AziaPlus" АА.
Қазіргі уақытта қопарылған қандай жарылғыш зат екендігі және оның күші анықталуда. Оқиға орнында облыстың күш-қуат құрылымдарының барлық басшылары жұмыс істеуде.
Тәжікстанның ІІМ штаб бастығы Тахир Норматовтың журналистерге хабарлауынша, АҰҚКБ көлікпен баса көктеп кірген лаңкес өзін өзі жарып жіберген.
Согдий облысының ІІБ жедел іздестіру тобының мәліметтеріне сүйенсек, оқиға болған жерден ГАЗ-24 көлігі мен лаңкестің денесінің қалдықтары табылған. Ғимараттың оң жақ қанаты түгелдей қираған.
Қайтыс болғандар бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.