Тәжікстанның пенитенциарлық жүйесінің өкілдері қазақстандық қылмыстық-атқару жүйесінің жұмыс тәжірибесімен танысуда

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Тәжікстанның пенитенциарлық жүйесінің өкілдері қазақстандық қылмыстық-атқару жүйесінің жұмыс тәжірибесімен танысуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің арасындағы өткен жылдың маусым айында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру аясында өтіп жатқан бұл сапардың мақсаты түрмедегілердің жағдайын халықаралық стандарттарға жақындатудағы Қазақстан Республикасының тәжірибесін зерттеу болып табылады. Әділет министрлігі Түзету істері басқармасы бастығының орынбасары ішкі қызмет полковнигі Давлят Рахымов пен осы ведомствоның шұғыл-режімдік бөлімінің бастығы ішкі қызмет полковнигі Худомон Мубораккадамов наурыздың 10-ынан бері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орналасқан бірқатар түзету мекемелерін аралады. Ал ертең қонақтар Алматы облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбіловамен және Түрмедегі реформаларды қолдаушы қоғамдық қорының құрылтайшысы Анна Коробейщиковамен бірге Алматыдағы жаңа тергеу абақтысында болып, ондағы халықаралық нормалар мен стандарттарға бейімделген жұмыс жағдайымен танысады.
Соңғы жаңалықтар