TECH GARDEN FEST фестивалінің жүлделік қоры 165 млн. теңгені құрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған TECH GARDEN FEST 2015 технологиялық фестивалінде 33 жоба грантқа ие болды.
None
None

Ал фестивальдің жалпы жүлделік қоры 165 млн. теңгені құрады.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальде таныстырылған барлық жоба Алматы қаласының технологиялық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Олар «Қауіпсіз қала», «Жасыл қала», Ақылды индустрия және инфрақұрылым», Электронды коммерция» және «Жаңа медиа» айдарлары бойынша ұсынылды.

«Қазақстан тарихында тұңғыш рет 700 жобаны жинадық. Осылайша алғашқы технологиялық «TECH GARDEN FEST» фестивалінің арқасында елімізде стартап саласы бастау алды деп айтуға болады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қолдауымен ең үздік командалар гранттарға ие болып, акселерация, яғни жетілу бағдарламасынан өтеді. Бұл грант иелеріне нарықта өз орындарын және инвесторлар табуға мүмкіндік береді», - деді өз сөзінде «Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.

Ол қазіргі таңда «Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қоры мен Алматы әкімдігінің бірлесе отырып, «Ақылды қала» жобасын және энергия үнемдеу бойынша басқа да жобалар әзірлеп жатқандығын атап өтті.

Айта кетелік, TECH GARDEN FEST 2015 фестивалі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инновациялық саясатының және Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Осы орайда Алматы қаласын инновациялық орталық ретінде дамыту бойынша ірі транс ұлттық компаниялардың қатысуымен бес жаңа технологиялық орталық құрылады.

Соңғы жаңалықтар