Тегранда діндер диалогы проблемалары талқыланды

Форум Азиялық Парламенттік Ассамблея қамқоршылығымен өтті. Конференцияны Иранның дінаралық диалог орталығы ұйымдастырды.
Иран астанасында Азияның 22 елінен (Иран, Түркия, Жапония, Кувейт, Ливан, Қазақстан және т.б.) және бақылаушы елдерден (Австралия және Ресей) 40-тан астам делегат қатысты. Пікірсайыстарға парламентшілер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, мұсылман, христиан, будда діндерінің, индустер мен конфуция қауымдарының көшбасшылары қатысты. Қатысушылар жаһандану жағдайындағы дін мен өркениеттің өзара іс-қимылының өзекті пробелмаларын талқылады.
Қазақстаннан конференцияда Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының бас ғылыми қызметкері Есбосын Смағұлов болды. Ол өзінің баяндамасында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен біздің еліміздің визиттік карточкасына айналған Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездері туралы әңгімеледі. Онда Қазақстанның барлық діндерді ұстанушылардың өкілдері арасындағы келісім мен төзімділікті нығайту жөніндегі саясаты туралы әңгіме қозғалды.
Е.Смағұловтың баяндамасы конференция делегаттарының зор ықыласын туғызды. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат қатысушылардың сөздерінде жоғары бағаға ие болды, олардың көпшілігі Астанада өткен дін көшбасшыларының съездеріне тікелей қатысқан болатын.
Конференция қорытындысы бойынша «Азиядағы діндер мен мәдениеттер диалогы туралы Тегран декларациясыә қабылданды. Декларацияда жанжалдар мен соғыстарға жол бермеуге көмектесетін діндердің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылының жалпы ұстанымдары белгіленген.