Тегранда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрліктерінің кеңесінде Қазақстан делегациясын басқарды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат – Тегранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрліктері кеңесінің 18-ші отырысы болып өтті, оған ұйымға қатысушы-мемлекеттердің делегациялары және құрметті қонақ ретінде халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары,
None
None
атап айтқанда, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ? БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубиш, Ислам даму банкінің президенті Мохаммед Али, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы Бакишев қатысты. Форумның жұмысында біздің ел делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрліктері кеңесінің 18-ші отырысында ұйымның бүгінгі күнгі көкейкесті мәселелері талқыланды. Бірінші кезекте бұл ? бұған дейін қол қойылған және ратификациялануы күтіліп отырған келісім және қол қойған елдер тарапынан іске асырылуы біздің ел үшін де маңызды шарттар. Олардың ішінде Транзитті тасымалдаулар туралы бас келісім және Табиғи апаттарды басқару бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының аймақтық орталығын құру бойынша мүше-мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бар.Отырыста мамандандырылған органдар мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аймақтық институттары, атап айтқанда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Мәдениет институты, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сауда және даму банкі, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сақтандыру колледжі және т.б. басшыларының атқарған жұмыстары туралы сөйлеген сөздері тыңдалды.Сыртқы істер министрліктері кеңесінің қатысушылары Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясында алдағы жобаларды қарады. Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы Қазақстан Республикасы үшін басым жобалардың, Алматы-Бандар Аббас және Алматы-Ыстамбұл теміржол қатынастары мәселелері қаралды. Одан басқа, сауда және инвестициялар бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымы веб-сайтының жобасы ұсынылып, кеңестің барлық қатысушылары тарапынан мақұлданды. Кеңестің соңында мүше-мемлекеттер делегацияларының басшылары Тегран Декларациясының жобасын және Экономикалық ынтымақтастық ұйымының наградасына үміткерлердің тізімін мақұлдады. Бұл тізімде ҚР Білім және ғылым министрлігі Шығыстану институтының директоры Меруерт Әбусейітова да бар.
Соңғы жаңалықтар