Тегранда ҚР Үкімет басшысы Түркіменстан Президентімен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Тегранда өтіп жатқан ЭЫҰ-ға қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының 10-шы саммиті аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен кездесті.
None
None
Онда Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы өзара қарым- қатынасты дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде аймақтық және халықаралық деңгейде ортақ мүдденің, сондай-ақ, ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша кең ауқымда және өзара тығыз қарым- қатынасқа дайындықтың бары қуатталды. Сонымен қатар К.Мәсімов пен Г.Бердімұхамедов «Өзен-Горган» теміржол құрылысының жобасын егжей-тегжейлі талқылап, бұл мәселе бойынша Қазақстан, Түркіменстан және Иран басшылары қол жеткізген келісімдердің тез арада орындалуына мүдделілік танытты.Әңгіме барысында Каспий маңы газ құбырының құрылысы жобасына да айырықша назар аударылды. Тараптар «бәрі де бекітілген кесте бойынша жүріп жатқанын және аталған жобаны іске асыруда ешқандай мәселенің болмайтынын» атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум