Техникалық реттеу және метрология мәселелерін қамтыған жоба мақұлданды - Мәжіліс

Аталған заң жобасы техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы 11 желтоқсанындағы шешімімен қабылданған Халықаралық шарттарға сәйкестендіру көзделеді. Бұдан бөлек, Дүнмежүзілік сауда ұйымының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімінде белгіленген халықаралық терминологияға қолданыстағы заң нормалары сәйкестендіріледі.
Осы мақсатта бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтқанда, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершіліктің аражігін ажырату және оны күшейту нормалары енгізіледі. Бұдан басқа, техникалық регламенттер, стандарттар және нормативтік-техникалық құжаттар саласындағы бірыңғай мемлекеттік қор құру қарастырылады. Стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ғылыми-зерттеу жзұмыстарына жатқызу және өлшем құралдарын жөндеу әрі жасау құқығын алу үшін лицензиялаудағы міндеттелігі жойылатын болады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Мәжілістің бас комитетіне жолданды.