Текеліде қаладағы тасқа қашалған ежелгі жазуларды бүлдіріп жатыр

Бұл жердің қойтастары қасқырдың тістеріне ұқсағандықтан, жергілікті халық бағзыдан «Қасқыр азуы» деп атап кеткен. Сонымен бірге ғалымдар ежелгі жазуды аударып та үлгермеген. Текелілік петроглифтер қазақстандық ғылымға белгісіз, сол үшін де мемлекеттің қорғауында емес, деп хабарлайды КазТАГ .
Өлкетанушылар бұл жазулардың құрып бара жатқанына жергілікті жастарды кінәлап отыр. Олар сол тастарға бір-біріне хабарлама қалдырып, есімдерін жазып кетеді екен. Жәдігерлерге зиян келтіруде майлы шашыратқыш бояулар қолданылады. «Сондай-ақ жазулар табиғи жолмен де жоғалуда. Жел, жаңбыр мен қар тастағы жазулар мен ежелгі суреттерді өшіруге әсер етеді», - дейді өлкетанушы Вячеслав Бацких.
Бацкихтің айтуынша, ХІІ-Х ғасырларда Жетісу жерін мекендеген алғашқы адамдар Текелі мен Ақсу өзені жағалауларына қоныстанған. Бұл жерде өмір сүруге жағымды жағдай болған. Аңшылар, малшылар болашақ Текелі қаласының орнына қоныс теуіп, бірте-бірте таулы аймаққа бейімделіп, алғашқы тау тұрғындары атанған.