«Телефон лаңкесінің» ата-анасы баласының бұзақылығы үшін айыппұл төлейтін болды

ПАВЛОДАР. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар аудандық сотының шешімі бойынша баласы мемлекетке келтірген 24 мың теңге шығынды ата-анасы төлейтін болды.
None
None
ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. 14 жастағы жасөспірім қызық көріп, ұялы телефоннан кезекші полицияның пультіне қоңырау соғып, мектеп қазандығына қойылған «бомба» туралы хабарлаған. Ғимаратта ешқандай жарылғыш зат табылмаған, құқық қорғау органдары қоңырау шалған азаматты - Павлодар ауданы Красноармейка орта мектебінің 9-шы сынып оқушысын анықтаған.Сот жасөспірімді ҚР Қылмыстық кодексінің 242-ші бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін (лаңкестік әрекет туралы қасақана жалған хабар үшін) кінәлі деп таныды. Баласы мемлекетке келтірген 24 мың теңге шығынды ата-анасы төлейтін болды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум