"Темір банк" АҚ-дағы міндеттемелерді қайта құрылымдау үрдісі маусымның 30-ына дейін аяқталады - Басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Темір банк" АҚ-ындағы қайта құрылымдау үрдісі маусымның 30-ына дейін аяқталады. Оны банктің Басқарма төрағасы Ержан Шайкенов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылдың аяғында қайта құрлымдау үрдісін бастаған "Темір банк" АҚ-ы 2010 жылы наурыздың 31-інде кредиторлармен келісімге келген болатын. Банктің қайта құрылымдау жоспарына кредиторлардың 93,7 пайызы қолдау көрсетті. Ол сондай-ақ, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты тарапынан мақұлданды.

Басқарма төрағасының айтуынша, банк еурооблигация түріндегі 772 миллион долларлық қарызын қайта құрылымдады. Енді жергілікті кредиторлық ақшасы толықтай төленіп, заемды қайтару мерзімі 10 жылға дейін ұзартылмақ. Ал шетелдік кредиторларға банктің 20 пайыздық акциясы ұсынылып отыр. Бұл маусым айында жүзеге асады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар