08:01, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Теміртастың баласына Біржан сал атасының атындағы көшеден пәтер берілді
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданының орталығы - Степняк қаласында қайта жаңартылып,
қалпына келтірілген бес қабатты үйде 32 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті бюджет есебінен пайдалануға берілген тұрғын үйдің алғашқы кілтін аудан әкімі Теміржан Хамитов ақындық және композиторлық өнерімен есімі елімізге кеңінен танымал Біржан салдың немересі Мұқамедқали Теміртасұлына табыстады. Осындай қуанышқа тыл ардагері Мария Касова мен бірге 8 денсаулық саласының, 3 білім беру жүйесінің қызметкері де ие болып отыр. Коммуналдық баспанадан бірқатар бюджеттік сала қызметкерлері жайлы үйге қоныстанды. Айналасы абаттандырылған. Бес қабатты үйді қалпына келтіру шараларына жергілікті қазынадан 62 миллион теңге жаратылды.