Теміртау қаласы дамуының бас жоспары дайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сәрсенбі, тамыздың 18-і күні Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Теміртаудағы кеңесте қала дамуының бас жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
None
None

«Теміртау қаласы дамуының бас жоспарын «Азаматтық жоба институты» ЖШС жасап шығарды. Жоспарға кеңірек тоқталсақ, тұрғын-үй мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың құрылысы, орталықтанған су және жылу жеткізудің, жол-көше желілерінің дамуы, қаланың аббаттануы, қоршаған ортаны қорғау салалары қаралған», - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның ақпараты бойынша, ұсынылып отырған бас жоспарды Теміртау қалалық мәслихатының депутаттары қолдап, оның талқылану қорытындысы бойынша С.Ахметов жобаны жалғастыруды және оны облыстық мәслихаттың келесі отырысының қарауына енгізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар