Теміртау прокуратурасы металлургтердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің балаларын балабақшаға орналастыру кезінде қарастырылған жеңілдіктерді алып тастады

ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Теміртау қаласында қалалық прокуратураның талабы бойынша бұған дейін металлургтердің,
None
None

мұғалімдер мен дәрігерлердің балаларын балабақшаға орналастыру кезінде қарастырылған жеңілдіктер алып тасталынды. Бұл туралы Теміртау қаласы прокурорының орынбасары Жандос Сыздықов хабарлады.

Прокуратура балабақшаларға жолдама беруде орын алып отырған заң бұзушылықтарды атап көрсетті. «Балабақшалардан бірінші кезекте орын алуға құқығы тұлғалардың тізімі қолданыстағы заңнамамен анықталған. Соған қарамастан, Теміртауда, мемлекеттік балабақшаларға орындарды бөлу үшін қалалық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанынан құрылған ведомствоаралық комиссияның шешімімен, жеңілдіктер қарастырылған санаттарға балабақша қызметкерлерінің балалары, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қызметкерлерінің балалары жатқызылып келген», дейді Жандос Сыздықов.

«Теміртау прокуратурасының наразылығы бойынша, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары мен балабақшалардың және «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қызметкерлерінің балаларына жолдамалар беру туралы ведомстволық комиссияның шешімінің күші тоқтатылды», деді қала прокурорының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар