15:24, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Теміртауда 1,5 келіден астам героин тәркіленді
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Теміртауда полицейлер қарағандылық 42 жастағы әйел адамнан 1,5 келіден астам героин тауып алды.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Қарағандының полиция қызметкерлері Теміртау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғыны әйел адамды ұстады, жеке тексеру кезінде одан сату үшін дайындалған 1,5 келіден аса (1.680гр) героин тәркіленді», - деді ресми өкіл.
ІІМ-нің мәліметтерінше, Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына байланысты 145 қылмыс анықталды. Оның ішінде 57сі - сату фактісі. 56 келіден аса есірткі заты алынды. Оның ішінде 3 келіден астамы - героин.