Теміртауда 320 орынға арналған жаңа балабақша ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 18-і.ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сәрсенбі, тамыздың 18-і күні Теміртауда (Қарағанды облысы) 320 орынға арналған жаңа «Ақ тілек» балабақшасының салтанатты ашылуы болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Оның құрылысы мен жабдықталуы үшін облыстық бюджеттен 445 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген, - деп атап өтті аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Жаңа балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Ахметов қатысып, ата-аналар мен педагогтарды осы айтулы күнмен құттықтады. «Ел Президенті біздің балаларымыздың дені сау, бақытты болып, үлкендердің қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне бөленіп, жақсы тәрбие мен сапалы білім алу үшін көп жағдай жасап отыр. Қазақстанның басқа да аймақтары сияқты біздің облыста балалар сапалы білім алатын мектептер, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен рухани жағынан жақсы тәрбие алуы үшін жаңа балабақшалар ашылып жатыр», - дей келе аймақ басшысы мектепалды мекемелер құрылысының жалғасатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар