Теміртауда дүкенге соғылып, көлік жүргізушісі қаза болды

ҚАРАҒАНДЫ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Қарғанды облысының Теміртау қаласында дүкенге соғылып, «Volkswagen Multivan» көлігінің жүргізушісі қаза болды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Полицияның мәліметі бойынша, жол-көлік апаты 2 наурыз күні түнде болды. «Volkswagen Multivan» машинасының жүргізушісі Теміртау қаласының 8-шағынауданында аулалардың арасымен жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлігімен аударылып, тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннің терезесіне кіріп кеткен. Жол-көлік апатының салдарынан рөлде болған Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны көз жұмды», - деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жол апаты фактісі бойынша полиция тергеу жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар