14:57, 07 Тамыз 2015 | GMT +5
Теміртауда Индустрияландыру картасы бойынша металл бұйымдарын шығаратын цех іске қосылды (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасының аясында Теміртау қаласында «Автобірлестік» ЖШС-нің «Металл бұйымдарын шығаруға арналған цех құрылысы» атты жобасы іске қосылды.
Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жобаның құны 302,1 млн. теңгені құрайды. Жаңа цехта 20 жұмыс орны құрылған.
Компанияның негізгі қызмет түрі - металдан жасалған бұйымдарды шығару. Кәсіпорын өндірістік қуаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары технологиялы жабдықтарды қолдану арқылы металл илемі мен металл жабынқышын шығаратын жаңа цех жұмысын іске қосты.
Бүгінде кәсіпорын кез келген өлшемдегі және көлемдегі металл жабынын, профлист, профтөсенішін өндіруде.