Теміртауда полиция қызметкеріне бұзақы оқ атқан

ТЕМІРТАУ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Теміртау қаласында полиция қызметкері бұзақының қарақшылығына тап болған,
None
None

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға таңертең, Республика даңғылындағы гүл сататын дүкен маңында болған. Зардап шеккен адамның айтуынша, қызметтен тыс уақытта ол дүкенге гүл сатып алуға келген, сол кезде оған себепсізден қарақшылық жасалған. «Белгісіз азамат анықталмаған қарудан полиция қызметкеріне оқ атып, «Тойота» автокөлігімен оқиға орнынан қашып кетті», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тергеу амалдары оқ атқан адамның тұлғасын анықтады, қылмыскер Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шыққан. «Қылмыскерді ұстау» жоспарын жүзеге асыру барысында әлгі қолға түскен. Одан оғы бар МЕ-38 маркалы тапанша тәркіленді», - деп толықтырып өтті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған адам осы жылдың тамыз айында өзі мен оқ атқан полиция қызметкері арасында қызмет кезінде жанжал туындағанын айтқан. «Ол факт тіркелгенімен, облыстық ІІД жеке басының қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғамау туралы шешім шығарған», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қоға түскен адамның айтуынша, гүл сататын дүкен маңынан кездейсоқ кездесіп қалған соң, олар төбелескен. «Менің атыма тіркелген тапаншаны алып шығып, алдымен аспанға аттым, кейін полицейді қорқыту үшін оның басына кезендім, ал артынша көлігіме мініп, кетіп қалдым», - деген күдіктінің дәлелін келтіреді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар