09:57, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Теміртауда радиоактивті темір сынықтары тиелген вагон ұсталды
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында радиоактивті металл сынықтары тиелген вагон ұсталды,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Вагон «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының Капровой цех стансасында сейсенбі күні радиациялық тексеру кезінде анықталды. Гамма-көрсеткіштің деңгейі 60 микрорентген/сағатты құраған, бұл межеден жоғары болып саналады. Жүктің жөнелтушісі - «Союз -М-2» фирмасы. Вагон күзетке алынды.