14:19, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Теміртауда ұсталған радиоактивті жүк тиелген вагон жөнелтушіге қайтарылады
ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -Сейсенбі күні Теміртауда, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы цехының стансысында ұсталған және радиоактивті темір сынықтары тиелген вагон Ақмола облысындағы жөнелтуші компанияға - «Союз-М-2» компаниясына қайтарылады,

деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен.
Жүктің гамма-көрсеткішінің деңгейі 60 микрорентгент/сағатты құрайды, бұл шамадан екі есеге жоғары, деп хабарлады департаменттен. Жағдай мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің бақылауында.
Сейсенбі, қазанның 27-де, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы цехының стансысында радиациялық бақылаудан өту кезінде радиациялық жүк тиелген вагон анықталып, оның күзетке алынғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.