16:07, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Теміржол төсемін ұрлаудан 2 млн. теңге зиян келтірілді
АҚТӨБЕ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Бадамша-Щербаковка» темір жолының 12 шақырымындағы теміржол төсемі – 30 рельс ұрланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, теміржолдың бұл тармағы карьерден никель рудасын тасымалдау үшін тартылған. Компанияға келтірілген шығын 2 миллион теңгеге бағаланып отыр. Жедел іздестіру шараларының барысында күдіктілердің біреуі анықталды. Бадамша кентінің 24 жастағы жұмыссыз тұрғыны өзінің танысымен бірге теміржол рельстерін 6 метрлік бөлшекке бөліп, «КамАЗ» автомашинасына тиеп облыс орталығына келген.Қазір күдікті ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен бақылауда отыр, екіншісі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалмақ.