Теміржол ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің теміржол әкімшіліктері Душанбеде бас қосады

ДУШАНБЕ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ -Тәжікстанның елордасында бүгін Теміржол ынтымақтастығы ұйымы Теміржол әкімшіліктері бас директорлары (жауапты өкілдерінің) конференциясының XXVI мәжілісі өз жұмысын бастайды.
None
None

22 елдің өкілдері бес күнге созылатын бұл басқосуда теміржол саласының өзекті мәселелері, атап айтқанда Теміржол ынтымақтастығы ұйымының жүк және жолаушылар тасымалдау құрылымдарының жұмыс нәтижелері талқыланатын болады.

Ал бейсенбі, 21 сәуірде делегация жетекшілерінің кездесуі өтеді және Конференцияның жалпы отырысы ашылады.

Мәжіліске Қазақстанның атынан «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басшылығы қатысады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум