10:49, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Теміржолшылар балалар үйінің бүлдіршіндеріне сыйлықтар тапсырды ?Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы АҚ Ақмола тасымалдау бөлімшесінің филиалы Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Халықаралық балаларды қорғау күніне орай сыйлықтар тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.Филиал директоры Вячеслав Мироновтың айтуынша, қайырымдылық акциясына барша теміржолшылар атсалысқан. Бұл жолы бүлдіршіндерге сан алуан киімдер, ойыншықтар мен оқу құралдары, тағамдар жеткізіліп, үлестірілді. Мерекелік сый-сияпатқа мәз-мейрам болған балғындар қарап қалмай, ән айтып, би биледі. Өздері қолдан жасаған тартуларын ағалары мен апаларына ұсынды. Бұл шара Степногор, Ақкөл, Щучье балалар үйінде жалғасын табатын болады.